Жұмыс берушілерге арналған «Білім беру бағдарламаларын бағалау» тақырыбындағы республикалық семинар


2017 жылдың 28-29 қарашасы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында  «Білім беру бағдарламаларын бағалау» тақырыбындағы республикалық семинар өтеді.

Жаңғырту 3.0 құжаты және экономиканың жаңа моделі үшін білікті мамандар даярлау үшін жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы қарастырылған.

Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа мамандықтар мен біліктердің қызмет мазмұнын қайта қарастырып, жаңарту жоспарлануда.

Осыған байланысты жоғары оқу орындарының алдында білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талабына сәйкес құру міндеті тұр.

Бұл семинарда білім беру бағдарламаларын құру үшін қажетті кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру және білім беру бағдарламасын бағалау сұрақтары қарастырылады.

Без рубрики