ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстандықтар – Болашақ Біртұтас Ұлт», аймақтық брейн-рингі


2017 жылдың 30 қарашасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстандықтар – Болашақ Біртұтас Ұлт», аймақтық брейн-рингі өтті.

Студенттер мен оқушылар арасында үш команда сайысы түрінде өткен зияткерлік ойын мақсаты мектеп бітірушілер назарын студенттік жастар қозғалысына аударып, көзқарастары кеңейту, қатысушылардың эрудициясы мен логикалық ойлау қабілеттерін тексеру.

Аймақтық брейн-ринг раундартармен өтіп, келесі бағыттарды қамтыды:

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы оқушылардың білімдерін тереңдету;

— танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз күшіне деген сенімдерін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту;

— патриотизм мен Отансүйгіштікті тәрбиелеу;

— ҚР тарихи өткені мен дәстүрлерін сыйлауға және құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Зияткерлік ойынды ұйымдастырғандар: ҚарМТУ орыс тілі және мәдениеті кафедрасының доценті Оспанова Б.Р., аға оқытушылар Тимохина Т.В., Касенова Н.А., Кабанова А.Б., Тунгушбаева Б.К., Алдыназарова Р.М.

Іс-шараға қатысқандар:

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультеті студенттерінің командасы: Ахметов Алибек, Аскаров Аблайхан, Хе Владислав, Сафарова Шолпанай, Рахимов Жанат, Жулдызбек Касым, Бекболатова Айбарша.

№ 92 мектеп-гимназия оқушыларының командасы: Жяннатұлы Алихан, Исмаилова Малика, Султанова Аяжан, Сатыбалды Рауан, Турыкбаев Ислам, Асхабова Нурайым, Капанова Адия под руководством зам. директора школы Халилиной Назым Шокитайкызы;

ҚарМТУ студенттерінің командасы: Баянова Динур, Шангерей Наргиза, Казбеков Мадияр, Боранбаев Мадияр, Капенов Сабит, Мурат Айгерим, Ивния Баян.

Әрбір раундтан соң музыкалық пауза болды.

Брейн-ринг қорытындысы бойынша жүлделі орындар бөлінді:

I орын№ 92 мектеп-гимназия оқушылары;

II орынҚарМТУ студенттері;

III орынЕ.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері.

Брейн-ринг жеңімпаздарына I, II, III дәрежелі дипломдар, ал барлық қатысушыларға мадақтамалар мен алғыс хаттар берілді.

Өткізілген шара мемлекет тарихы, мемлекеттік рәміздер туралы жастардың терең білімдерін ғана көрсетіп қойған жоқ, жастар қауымдастығының жалпы демократаттуына, оқушылардың тілдік және ойлау дағдыларын дамытуға, шығармашылық потенциал мен уәждемелердің ашылуына ықпал етті.

Без рубрики