QS Asia University Rankings 2023


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті биыл алғаш рет QS Asia Uninersity Rankings 2023 АЗИЯ жоғары оқу орындарының рейтингіне қатысып, 271-280-ші орын, ал Орталық Азия елдерінің университеттері арасында 12-ші орын алды.

QS Asia Uninersity Rankings 2023 Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Қытайдың, Үндістанның, Малайзияның, Пәкістанның, Вьетнамның, Таиландтың және Азияның басқа да елдерінің 760 университетін қамтыды, оның ішінде 32 қазақстандық жоғары оқу орны бар, олардың ішінде біздің университет 11-ші орынды иеленді.

Бұл рейтингте студенттер саны мен педагогикалық құрамның арақатынасы, дәрежелі оқытушылардың үлесі, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесі, академиялық бедел көрсеткіштері, жұмыс берушілер арасындағы бедел, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны, ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны, интернеттегі қатысу дәрежесі және халықаралық бірлескен авторлық ескерілді.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың халықаралық рейтингтердегі позицияларының ілгерілету — бұл жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша ЖОО-ның жүйелі жұмысының нәтижесі.

 

 

Без рубрики