«Парасаттылық мектебі» есебі.


Адалдық мектебінің қызметі аясында А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері үшін білім беру,ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар кешені өткізілді. Парасаттылық мектебінің қызметі қоғамдық сананы жаңғырту (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру) қажеттілігімен негізделген. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі іс-шаралар өткізілді:

2022 жылдың 21 сәуірінде «Парасаттылық мектебі» аясында НД-19-1 тобы студенттерімен «Парасаттылық — ұлы Абай мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыруды дамытуға, ұлы ақынның өлеңдеріндегі парасаттылық негізін түсінуге, ұлы Абай сөздерінің қазіргі заман үшін мәні мен маңызын тереңдетуге бағытталған.

Әрбір халықтың рухани және адамгершілік тіректері бар. Өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік көрнекті тарихи тұлғалармен мақтана алады. Олардың арасында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, жазушылар мен ақындар, өнер және мәдениет қайраткерлері бар. Қазақ жұртшылығы да өзінің жарқын өкілдерінің тұтас бір топ есімін батыл айта алады. Олардың ішінде Абай Құнанбаев ерекше орын алады. Қазақ халқының санасында оның шығармашылық мұрасы мен еңбектері даналыққа, әділеттілік пен адалдыққа үйретеді. Ақынның мәдени мұрасын сақтау-әркімнің парызы! Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Абайды тану – өзін-өзі тану. Өзін – өзі тану, үнемі өсу, ғылым мен білімді зерттеу-даналық. Абайдың сөздері ұрпақ үшін бағдар болуы керек». Студенттер бекітілген тақырып аясында өз баяндамаларын қорғап, ортақ талқыға салды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытынды бөлімінде ұлы ақынның мұрасын зерделеуді тереңдету және оқу процесінде алынған нәтижелерді тиімді іске асыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды

ссылка

2022 жылғы 15 сәуірде Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ-да  «Парасаттылық мектебі» қызметі шеңберінде аға оқытушылар Г. М. Жуматова,М. А. Сейдинова бейне ролик ұсынды. «Адалдық сағаты»  аясында барлық мамандықтар студенттері үшін ұсынылып, кейіннен әлеуметтік желілерде таратылатын бейне дәріс ұсынды. Бұл іс-шараның мақсаты : біздің университетіміздің көрнекті тарихи және қазіргі заманғы қайраткерлерінің үлгісінде жастарға адал және сатылмайтын еңбек арқылы табысқа қол жеткізуге болатынын және не қажет екенін көрсету. Тек осылай ғана біз адал,сатылмайтын, қадірлі қоғам құра аламыз!!!!

ссылка

2022 жылғы 16 наурызда Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ «Парасаттылық мектебі» қызметі шеңберінде аға оқытушылар М. А. Сейдинова, Г. М. Жуматова ИС-20-1 тобында парасаттылық принциптерімен байланысты бұзушылықтарды анықтауға бағытталған интерактивті тестілеу (Kahoot) өткізілді. Бұл іс-шара әділдік, парасаттылық, адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттердің маңыздылығын тағы бір рет бағалауға мүмкіндік берді.

ссылка

28.02.2022 жылы Қазақтан Халқы Ассамблеясы және әлеуеттік гуманитарлы пәндер кафедрасының аға оқытушылары Жуматова Г.М., Сейдинова М.А.,«Парасаттылық мектеп» аясында студенттердің қатысуымен «Адал жастар- ел өркендеуінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастармен жұмыс маңызды рөл атқарады.

Дөңгелек үстел барысында студенттер әдептілік, адалдық, адамгершіліктің адам бойындағы асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті осы қасиеттер арқылы қалыптатыруға болатынын пайымдады. Әрбір қазақстандық, әрбір жас ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-бүкіл қоғамның басты міндеті екенін түсінуі тиіс.

ссылка

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда.

25 қараша күні университетіміздің қабырғасында кезекті «Адалдық сағаты»  өтті.  Бүгінгі «Адалдық сағаты»  Қарағанды облысы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовпен түсірілген сұқпаттан басталды.

ҚХА және ӘГП пәндер оқытушылар құрамы,  ҚарТУ студенттеріне «Адалдық сағатының»  бейне ролигін көрсетті.

ссылка

Без рубрики