Тыңдаушылар қабылданады


Инженерлі педагогика орталығы бейінді магистратура бітірген білім алушылардың педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға шақырады.

Қосымша педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасы (ҚПББ)  кәсіби білім беру жүйесінде педагогикалық қызмет беруге және докторантураға түсуге мүмкіндік береді.

 

Қосымша педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасы

 12.02.2018 ж. — 01.06.2018 ж. аралығында жүзеге асады

Бейінді магистратура бітірген білім алушылардың педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасы ҚР Үкіметінің 23.08. 2012 ж. № 1080 бекітілген және ҚР Үкіметінің 13.05.2016 ж. № 292 (Қосымша 5, тт. 26, 27) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ЖОО кейінгі Міндетті мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымша педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының пәндерін жақсы деңгейде  игерген жағдайда педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасын тәмамдағандығы туралы куәлік беріледі.

ҚПББ мазмұны  келесі пәндер кіреді:  «Ғылым тарихы және философия» – 2 кредит, «Педагогика» – 3 кредит, «Техникалық пәндерді оқыту әдістемесі» – 2 кредит, «Педагогикалық тәжірибе» – 6 кредит.

ҚПББ оқу құны оқыту кредиттерінің жалпы сомасына қарай тағайындалады және 176 000 тенгені құрайды.

Бағдарлама жайлы қосымша ақпаратты ҚарМТУ Инженерлі педагогика орталығынан білуге болады. 1 корпус, кабинет 525, 531, тел. 56-52-33 (ішкі 1112, 1117).

Өтінімдер  31.01.2018 ж. дейін қабылданады

ҚПББ қабылдау үшін қажетті құжаттар:

  • Өтінім (тіркеу бланкі);
  • бейінді магистратураны бітіргендігі жөнінде диплом және транскриптер көшірмесі;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • әрбір пәнді оқыту туралы өтініштер көшірмесі;
  • білім алу туралы келісімшарт;
  • төленгендігі туралы түбіртек көшірмесі.

Тіркелу үшін өтінімді мына электронды поштаға жіберулеріңізді өтінеміз: e-mail: cep.kstu@mail.ru

Құжат:

Тіркеу бланкі

Без рубрики