«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасының Республикалық үйлестіру кеңесінің орынбасары Артакшинова Әсел Сейтжанқызымен кездесу


2016 жылдың 15 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын арнайы грант иегерлерімен кездесу, танысу мақсатында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасының Республикалық үйлестіру кеңесінің орынбасары Артакшинова Әсел Сейтжанқызы келді. Кездесу барысында студенттерге жалпы «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына қатысты мәліметтерді айтып, жақында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Мәңгілік Ел жастары көзқарасымен» тақырыбында Жезқазған Бизнес және көлік колледжінде Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болатынын айтты және студенттерді мақала жазуға шақырды. Сонымен қатар аймақтық «Аламан» фестивалі жөнінде де біраз ақпарат айтты. Серпіндіктерді өздерінің жазғы уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Бурабайдағы «Disney» жазғы лагеріне көшбасшы болуға шақырды. Кездесу соңында студенттер көкейінде жүрген сауалдарын қойды.

Без рубрики