Казыбек бидің 350-жылдығына арналған факультет аралық пікір-сайыс турнирі


2017 жылдың 7 қазанында  ҚарМТУ-де Казыбек бидің 350-жылдығына арналған факультет аралық пікір-сайыс турнирі өткізілді.

Турнирдің ұйымдастырушысы «Самұрық» (қаз. лига) пікір-сайыс клубы.

Турнирге барлық факультеттерден 8 команда қатысты. Бас төреші ретінде АиУ-16-1 тобының студенті, «Самұрық» пікір-сайыс қазақ лигасы клубының жетекшісі Кенже Қалдарбек сөз сөйледі.

Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

I орын – Керімқұл Ернұр – ГиК-17-3, Сейтжанова Айбол – ЭЭ-17-1;

II орын – Алдияр Ұлдана;

III орын – Есенбай Еркін – С-17-1, Шорат Мұхаметжан – С-17-1, Рахметова Ұлданай – ТТ-17-1, Гафарова Жұлдыз – ТТ-17-1.

«Ең үздік спикер» номинациясы бойынша ТЭ-16-1 тобының студенті Әбдікерім Қасымхан жеңді.

Без рубрики