Байқауға қатысуға рұқсат
беру үшін құжаттарды
қабылдау және тіркеу мынадай кезеңде жүргізіледі
абитуриенттерге 2017 жылғы
10-шілдеден бастап
25-тамызға дейін 2-4 курс студенттеріне 2017 жылғы 10-шілдеден бастап 15-тамызға дейін
Кужаттардың көшірмелерін саndidate@kazenergy.com электронды мекенжайға жіберу кажет. саndidate@kazenergy.com
Үміткерлердің құжаттары қабылдау аяқталған соң
20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Байқауға мұнай-газ және энергетика саласына талап етілетін мамандықтар бойынша оқуға түсетіндер мен білім алып жатқан
— орта білім беретін мектеп, лицей, гимназия, салалық мектептердің түлектері;
— ЖОО және колледждердің студенттері қатыса алады.
Колледжге түсетін және колледжде оқитын тұлғаларға байқауға қатысу үшін қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматы болу;
негізгі орта білім туралы куәлігіндегі орта баллдың 4,0 (5,0-ден) аз болмауы немесе жалпы орта білім туралы аттестаттың ҚР БҒМ белгіленген максималды мәннің 80%-ынан аз болмауы;
ҰБТ/КТ сертификаты ҚР ҒБМ белгілеген максималды мәннің 60%-ынан аз болмауы;
үлгерімнің орташа баллы 4,5 (5,0-ден) аз болмауы;
бір акад. оқу жылының оқу ақысы көрсетілген оқуға қабылданғаны туралы оқып жүргені туралы анықтама.
Құжаттар тізімі:
белгіленген нұсқадағы өтініш (www.kazenergy.com — Білім беру бағдарламасы- Стипендиялар мен гранттар — Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оқу);
жеке куәлігінің көшірмесі;
бұрын алған білімін және ҰБТ, КТ қорытындысы бойынша (1-курсқа түсетіндерге) үлгерім балын растайтын құжаттың көшірмесі немесе оқу үлгерімі ведомосінің көшірмесі (егер ол болмаса бұрын алған білімінің орта балы көрсетілген, оқу бөлімі куәландырған анықтама);
бір акад. оқу жылының оқу акысы көрсетілген окуға қабылданғаны туралы/оқып жүргені туралы растау;
тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама;
отбасы мүшелері туралы анықтама (тек көп балалы отбасылар үшін);
үміткердің мынадай санаттардың біріне жататынын растайтын құжат (егер ондай құжаты болса): табысы аз және толық емес отбасы, жетім, мүгедек;
егер бар болса, байқауларға, олимпиадаларға және т.б. қатысқаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
————————————————————————————-
ЖОО-ға түсетін және ЖОО-да оқитын тұлғаларға байқауға қатысу үшін қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматы болу;
жалпы орта білімі туралы аттестатының орта баллы ҚР БҒМ белгілеген максималды мәннің 80% -ынан аз болмауы жэне ҰБТ/КТ сертификаты ҚР ҒБМ белгілеген максималды мәннің 60%-ынан аз болмауы;
диплом бойынша үлгерімінің орта баллы 4,5-тен (5,0-ден) немесе GРА 3,33-тен (В+) аз болмауы;
бір акад. оқу жылының оқу акысы көрсетілген оқуға қабылданғаны туралы/оқып жүргені туралы анықтама.
Құжаттар тізімі:
белгіленген нұсқадағы өтініш (www.kazenergy.com — Білім беру бағдарламасы- Стипендиялар мен гранттар — Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оку);
жеке куәлігінің көшірмесі;
бұрын алған білімін және ҰБТ, КТ қорытындысы бойынша (1-курсқа түсетіндерге) үлгерім балын растайтын құжаттың немесе GPA көрсетілген транскрипт көшірмесі (оқып жүргендерге);
бір акад. оқу жылының оқу ақысы көрсетілген окуға қабылданғаны туралы/оқып жүргені туралы растау;
тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама;
отбасы мүшелері туралы анықтама (тек көп балалы отбасылар үшін);
үміткердің мынадай санаттардың біріне жататынын растайтын құжат (егер ондай құжаты болса): табысы аз және толық емес отбасы, жетім, мүгедек;
егер бар болса, байқауларға, олимпиадаларға және т.б. қатысқаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
(тел. 8 7172 794975, www.kazenergy.com)
* Жұмыс органы мен Комиссияның қосымша құжаттарды сұрауға құқығы бар