ҚарМТУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО АРАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ


2020 жылдың 29 мамырында «Казахстанская правда» газетінде Қазақстанның Үздік ЖОО-ның ұлттық рейтингі – 2020 нәтижелері жарияланды.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі – БСҚА/IQAA жоғары оқу орындарын саралаудың халықаралық стандарттарына негізделген Қазақстанның үздік ЖОО рейтингінің нәтижелерін ұсынды.

БСҚА/IQAA рейтингтік зерттеудің мақсаттары:

  • шешім қабылдау үшін қоғамға ақпарат ұсыну (талапкерлер мен олардың ата-аналарына, саясаткерлерге, қорларға, жұмыс берушілерге, халықаралық ұйымдарға);
  • жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
  • ЖОО-ын оқыту нәтижелілігі, зерттеу жұмысы, халықаралық алмасу, профессор-оқытушылар құрамының жұмыс сапасы бағыттарындағы олардың қызметін жақсарту бойынша ынталандыру;
  • ЖОО қызметін жұмыс берушілер, сарапшылар, студенттер және түлектердің бағалауы.

БСҚА/IQAA агенттігі әзірлеген зерттеу әдіснамасы ғылыми негізделген және Академиялық рейтингтер мен басымдықтар бойынша (IREG) халықаралық обсерваторияның конференцияларында жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшылармен мақұлданған. Ол ЖОО ұсынған деректер бойынша да, статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштер бойынша тәуелсіз көздерден алынған мәліметтер бойынша да ЖОО қызметін бағалауды қамтиды.

ЖОО академиялық көрсеткіштері түлектердің жұмысқа орналасуын қоса алғанда, 100% жалпы соманың 80%-ын құрайды. Бұл ретте жалпы соманың 20%-ы жоғары білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың ЖОО-ың беделдік бағалауына, жұмыс берушілердің беделдік бағалауына, оның түлектері мен студенттерінің бағалауына тиесілі. Әрбір бағалауға жалпы соманың 5%-ы келеді.

Қазақстандық ЖОО түлектерінің дайындық деңгейі жұмыс берушілердің (ұлттық компаниялар, ірі, орта және шағын бизнес, қауымдастықтар), сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне сұрау салу арқылы жүргізілді.

Ағымдағы жылы саралауға үш жаңа параметр енгізілген:

  • түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері;
  • қазіргі уақытта ЖОО-да оқитын студенттердің бағалары;
  • оқу орындарының түлектерінің бағалары.

ҚР ЖОО бакалавриат пен магистратураның 800-ден астам білім беру бағдарламалары бойынша деректерді ұсынды.

Қазақстанның Үздік техникалық ЖОО ұлттық рейтингі – 2020 

Орын ЖОО  %
1 Satbayev University 99,35
2 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 96,69
3 Қазақ ұлттық аграрлық университеті 86,76

Жыл сайын ҚарМТУ БСҚА/IQAA рейтингінің көшбасшылар үштігіне кіреді, бұл тағы да бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын, университеттің даму стратегиясының халықаралық танылуы мен тиімді саясатын растайды.

Без рубрики