Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігі 2015 -2016 оқу жылдарына шәкіртақы тағайындалатынын жариялады.


Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігі 2015 -2016 оқу жылдарына «Дармасива Индонезия» бағдарламасы бойынша Қазақстан азаматтарына  шәкіртақы тағайындалатынын жариялады.

Аталмыш бағдарлама Индонезияның 53 қаласының жоғары оқу орындарында оқуға  және тілі, өнері, музыкасы  туралы білім алуға, елдер арасындағы мәдениетаралық қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді. Индонезиялық жақ бағдарлама шығындарын өтейті (жол, тұру, шәкіртақы).

Шәкіртақы алушылар 2015 ж. 20 ақпанына дейін құжаттар тапсырулары қажет.

Анықтама телефондары: 8(7172)742390.

Өтініш толтыру үшін келесі сілтеие бойынша өтіңіз: http://www.edu.gov.kz/sites/default/files/application_form.pdf

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс бөліміне хабарласыңыз (бас ғимарат, 309а б.)

Без рубрики