Хеллоуин костюмді мереке


1.11.17 күні Инновациялық технологиялар колледжі студенттерге ағылшын тілін үйрету, ағылшын тілді елдердің салт дәстүрі мен мәдениетін таныстыру мақсатында Хеллоуин костюмді мерекелік іс-шарасын өткізді. Әр түрлі костюмдер киген топ студенттері өз киімдерімен «Орыс тілі мен мәдениеті», «Қазақ тілі мен мәдениеті», «Шет тілдер», «Конфуции Институты» кафедраларына барып, өздеріне 5 балл шкаласы бойынша баға жинап қайтты. Сондай-ақ, 1 корпустың дәлізінде әр топтың студенттері өздерінің  дәстүрлі Хеллоуин мерекесінде ғана дайындалатын тағамдарын әзірлеп әкеп дастархан жайды. Барлық оқытушы, студенттер өздерінің қалауымен ең әдемі сәнделген дастарханға баға беруге құқылы болды. Мерекенің соңында колледждің оқытушылар құрамы костюмдер мен тағамдар үшін жиналған баллдардың ортақ есебін шығарып, қорытындылады. Жеңімпаздар мен қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Без рубрики