Халықаралық онлайн-мектеп 2021: «Жобалық менеджмент: Мәселелерді шешу және шешім қабылдау»


Санкт-Петербург басқару және экономика технологиялары университеті (Ресей) студенттерді Экономика, Менеджмент және ақпараттық технологиялар институты, Менеджмент және мемлекеттік және муниципалды басқару кафедрасы өткізетін 2021 «Жобалық менеджмент: мәселелерді шешу және шешім қабылдау» халықаралық онлайн-мектебіне қатысуға шақырады.

Халықаралық онлайн мектептің мақсаты — орыс тілді шетелдік студенттерге заманауи жобалық басқаруда өзекті білім алуға, ондағы негізгі трендтер мен тенденцияларды білуге және жобалық басқаруда негізгі дағдыларды алуға мүмкіндік беру.

Құны: 2000 рубль

Бағдарламаның ұзақтығы: 4 күн

Мерзімі: 11/10/2021 – 15/10/2021

Кредит саны — 3 ECTS

Деңгей: BA / MA

Бағдарлама тілі: орыс

Техникалық пререквизиттер: Microsoft Teams платформасында ҚБТ қолдану арқылы оқыту: ДК немесе ноутбуктің болуы міндетті.

Сертификат: Халықаралық онлайн-мектептің барлық қатысушылары бағдарламаны игеру туралы электрондық сертификатқа ие болады.

Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://forms.gle/ypBqz9Rwxhqppzt7A

Тіркеу 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қатысу ақысын 2021 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет.

Толық ақпаратпен біздің сайтта танысуға болады: https://www.spbume.ru/ru/page/1778/

Без рубрики