«Әбілқас Сағынов және Алаштың ақ жолы» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел


24.05.2023 ж. Қазақстан тарихы кафедрасы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығына арналған  «Әбілқас Сағынов және Алаштың ақ жолы» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізді.  Іс-шараның модераторы: т.ғ.к., доцент Касимова С.С.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстанның игілігі үшін аянбай тер төккен көрнекті ғалым, тау тұлға —  Әбілқас Сағыновтың өмірі мен қызметі, оның ордалы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қосқан өлшеусіз үлесін зерттеу, зерделеу. Ғалымның ұстаздық, қайраткерлік, тұлғалық қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орнын, ұрпақтар сабақтастығының тағылымдық мәнін ашу, жастарды отансүйгіштікке, тұлғалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.

Алдымен іс-шараға келген қонақтар университет музейіне экскурсия жасады. Әрі қарай дөңгелек үстел жұмысы келесі жоспар бойынша жүрді:

 

Қатысушылар

 

баяндаманың аты
1 Рақышев Ә.К. – Басқарма мүшесі — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ  ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, PhD Құттықтау сөз
2 Сақтағанова З.Ғ. — тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Е. Бөкетов атындағы ҚарУ Абылкас Сагинов – известный ученый, основатель высшего технического образования и науки в Центральном Казахстане
3 Шотбақова Л.К. — тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Е. Бөкетов атындағы ҚарУ Учебные заведения Каркаралинского региона в начале ХХ  века и казахская интеллигенция
4 Бейсенбекова Н.А. — тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Е. Бөкетов атындағы ҚарУ «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алаш зиялыларының еңбектеріндегі Отандық тарихтың өзекті проблемалары
5 Өскембаев Қ.С. — тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Астана Халықаралық университеті Тағдыр табыстырған тұлғалар
6 Ахметжанов Б.А.  – экономика ғылымдарының докторы, профессор АҢЫЗ АДАМ. Ғұлама ғалым, әріптес туралы сөз
7 Ынтыков Т.С. — техника ғылымдарының кандидаты, профессор АҢЫЗ АДАМ. Ғұлама ғалым, әріптес туралы ойлар
8 Арыстан И.Д. – техника ғылымдарының кандидаты, профессор АҢЫЗ АДАМ. Ғалым, аға, әріптес туралы естеліктер
9 Қызыров Қ.Б. – техника ғылымдарының кандидаты, профессор АҢЫЗ АДАМ. Ғұлама ғалым, әріптес туралы ой-толғам
10 Сламбеков С.Қ. – Қарқаралы қаласы тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері, өлкетанушы Қарқаралы тарихының айшықты парақтары
11 Қозыбағаров А.И. –  Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Ғасыр жасаған білімнің қара шаңырағы және академик Әбілқас Сағынов
12 Акимжанова Б.К. – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Путевка в жизнь:

А. Сагинов  – студент Карагандинского горного техникума

13 Айтмұханбетов Арсылан –

ГД-22-1 тобы студенті

(жет: Нұғман Б.Г. фс.ғ.к., доцент)

АКАДЕМИК – студент көзімен
14 Жамалиденов Рамазан –

АРХ-22-2 тобы студенті

(жет: Касимова С.С. т.ғ.к., доцент)

 С. Торайғыров. «Алаш ұраны»
15 Аманжол Ернат  –

АиУ-21-1 тобы студенті

(жет: Касимова С.С. т.ғ.к., доцент)

Ән – «Біздің елдің жігіттері»

сөзі: Е. Жақыпбеков,

әні: Ж. Омаров

16 Темирғалиев Қ.А. – «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қорытынды сөз

            Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшілері қатысып, газеттің 27.05.2023 ж. күнгі санында ақпарат жарық көрді.

 

Без рубрики