Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті жасөспірімдер арасындағы кір спорты бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды


Жақында Астанада жасөспірімдер арасында кір спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарыста 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті (ТМО-21-2 тобы) Илья Горбачев табыты өнер көрсетті. Осы салмақ дәрежесінде оған ешкім тең келе алмады.

Турнир қорытындысы бойынша Илья 1-ші орынға ие болып, Азия және Әлем чемпионаттарына қатысуға лицензия алды. Қазіргі уақытта Илья 26-29 мамыр аралығында Тайбэй қаласында (Тайвань) өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

Ильяны спорттық жеңісімен құттықтаймыз! Оған оқуда табыс және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

Без рубрики