Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


Қазақстанның астанасы – Астана қаласында «AJP tour Astana international jiu-jitsu championship 2024 – GI» джиу – джитсудан үлкен халықаралық турнир өтті.

Оған әлемнің 20 елінен 1500-ден астам спортшы қатысты.

Турнирге қатысушылар арасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілі, сәулет-құрылыс факультетінің 1-курс студенті (гр. С-23-1) Алматай Жігер де болды.

Жиырмадан астам мықты қарсылас болған, 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, біздің студент 1-ші орынды иеленді.

Жігерді Құттықтаймыз! Оған оқуда табыс және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

Без рубрики