- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Cәтбаев атындағы бір сыйлық — 350 айлық есептік көрсеткіш;
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық-350 айлық есептік көрсеткіш;
- педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық — 350 айлық есептік көрсеткіш;
- түркітану саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық — 300 айлық есептік көрсеткіш;
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық- 150 айлық есептік көрсеткіш;
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық — 150 айлық есептік көрсеткіш.
Негіздеме: 2011 жыл 19 шілде №830 «Ғылым саласындағы сыйлығы мен мемлекеттік ғылыми стипендиясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы.
Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) қабылданады.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 29 қараша 2023 ж.
Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 228 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.