Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған концерт.


«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» — Н.Ә. Назарбаев.
Тәуелсіздік күнін атап өту мақсатында, ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар әлемі» атты студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай шығармашыл үйірмелерінің есеп беру концерті болып өтті. Аталмыш іс-шараға университетіміздің барша дарынды жастары ат салысты. Студенттердің емтихан тапсыру уақытында мұндай мерекелік кеш оңтайлы жағын көрсете білді. Мерекенің шымылдығын ел сүйіктілері, жүргізушілер Жансұлтан Қуаныштаев пен Татьяна Ахметчина ашты. Бір сағатқа созылған кештің әсерінен қалың көрермен үлкен ықыласқа бөленіп, талантты студенттердің өнеріне тәнті болды.
Тұғырлы мемлекетіміздің еркіндігі үшін жанын құрбан еткен жандар Қайрат, Ләззат сынды ел батырларының есімдері тарихқа таңба басқандай қала береді. Осынау кең даламыздың өркендеуіне, бейбітшілікке қол жеткізуімізге үлкен үлесін қосқан аязды желтоқсанның жалынды жастары бүгінде келер ұрпақ үшін ұмытылмас ерлік, өшпес мұра.
_MG_3629                  _MG_3594

_MG_3640                  _MG_3647       

_MG_3609                  _MG_3667

_MG_3678                  _MG_3628

_MG_3684                  _MG_3705

Без рубрики