Қазақстан Республикасы үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға жарыс жарияланды


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі 2014ж. 14-ші қазанынан 14-ші қараша аралығында Қазақстан Республикасы үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға жарыс жариялады. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (ары қарай –Сыйлық) 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтарына жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жұмыстары үшін беріледі. Аталмыш сыйлық дарынды жастардың ерекше жетістіктерін ынталандыру және мойындау мақсатында табысталады.

Сыйлық екі жылда бір рет (10 көлемінде) келесі номинациялар бойынша беріледі: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық жұмыс. Сыйлық алуға әрекеті сәйкес саланың және жалпы қоғамның дамуына үлес қосатын және инновациялық болып табылатын кандидаттар ұсынылады.

Сыйлық алуға бір кандидатура қайта ұсынылмайды. Бір кандидатура бір номинацияны алуға ғана қатыса алады.

Талпынушыға ұсынылады:

  • Ұсыныс- мінездеме (жетістіктері, марапаттаулары және т.б.);
  • Ұсынушы мекеменің шешімі;
  • Жеке парақша;
  • 2 сурет (4*6 өлшемінде).

 

Комиссия талпынушының қызметін сипаттайтын басқа да мәліметтер сұрауға құқылы. Қойылымдарды, кино және телефильмдерді, бейнелеу өнері көрмелерін, концерттік бағдарламаларды және музыкалық шығармалар тыңдауды, талаптанушылардың жұмысымен танысуды ұйымдастыру Комиссияға және ұсынушы мекемелерге жүктеледі.

Сыйлықты алуға лайық деп танылғандарға «Қазақстан Республикасы үкіметінің  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын лауреаты» атағы, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы беріледі.

Сыйлық авторлар ұжымына берілген жағдайда ақшалай сыйақы оның мүшелері арасында тең бөлінеді. Сыйлық салтанатты түрде табысталады, және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясат департаменті 2014 ж. 14 қазанынан- 14 қарашасына дейінгі аралықта қабылдайды: Астана қ., Орынбор көш., 8, Министрліктер үйі, 504 б., тел: 74-99-51

 

 

Без рубрики