Қазақстан халқының Бірлік күніне арналған Университет жатақханаларында тұратын студенттер арасындағы жәрменкенің өткізілуі


29 сәуір сағат 13.00-де «Армандастар Ордасы» ТК жатақханасы алаңында Қазақстан халқының Бірлік күніне арналған, Университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында жәрменке өткізілді.

Ұйымдастырушылар – «Армандастар Ордасы» ТК № 1 және «Серпіндестер Ордасы» жатақханаларының СТУДЕНТТЕР КЕНЕСІ.

Әр жатақхана бірнеше ұлтты таныстырды:

«Армандастар Ордасы» ТК – орыс, украин, кәріс;

№ 1 жатақхана– өзбек, неміс;

«Серпіндестер ордасы» жатақханасы – қазақ, Кавказ халықтары.

Студенттер қонақтарға арнап ұлттық тағамдар пісірді, сондай-ақ, ұлттық би билеп, ән салды.

Без рубрики