«Ашық есік күні»


2018 жылдың 26 сәуірінде ҚарМТУ Инновациялар колледжінде «Ашық есік күні» өткізілді. Қарағанды қаласы бойынша №15, №16, №66, №81, №88 жалпы білім беретін мектептерден 88 оқушы қатысты. Колледж директоры Н.А. Смағұлова және колледж әдіскері Р.К. Сейсебаева сөз сөйлеп, оқушыларға колледж мамандықтары туралы толығымен айтып өтті. Колледж туралы видео-презентациялар көрсетілгеннен кейін колледж оқытушылары университет кафедраларының оқу базалары мен зертханаларына апарып, экскурсия барысында түсіндіріп, таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Без рубрики