ҚарМТУ студенті Хуатбекқызы Айханым «Мен жастарға сенемін!» атты V патриоттық студенттік жастар форумына қатысты


Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» атты

V патриоттық студенттік жастар фестивалінің Гала-форумы өткізілді. Жоба патриотизмді арттыруға және жастардың Қазақстан болашағы үшін азаматтық жауапкершілігіне, қоғамдық сананың жаңғыруына тартуға бағытталған.

Байқау екі кезеңнен тұрып, мемлекеттің 58 жоғарғы оқу орындарынан 1 жарым мыңнан астам студенттері қатысты.

Бесінші республикалық патриоттық Гала-форумның ақтық мәресіне қатысу үшін, Қазақстанның барлық аймақтарынан 380 дарынды  студенттердің ең үздік шығармашылық жұмыстары алынды.

Төрешілердің әділ қортындысынан кейін салтанатты түрде форум  жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды.

Байқаудың қортындысы бойынша ҚарМТУ (ФИТ-16-1) тобының студенті Хуатбекқызы Айханым «Талғампаз әнші» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Без рубрики