Қарағанды облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік департаменті қызметкерлерімен өткен Университет студенттерінің кездесуі


2017 жылы 24 мамырда ҚарМТУ бас корпусының 337 дәрісханасында мемлекеттік қызметке орналасу ережесін сондай-ақ, Заңнамадағы өзгертулер тәртібін түсіндірі мақсатында, Қарағанды облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік департаменті қызметкерлерімен Университет студенттерінін кездесуі өткізілді.

Бірінші болып сөз сөйлеген ҚР Департамент Агенттігінің бас маманы Ерқанатқызы Гаухар, мемлекеттік қызметке орналасудың ережесі мен Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызметте жұмыс істеу туралы айта кетті. Әрі қарай сөз сөйлеген ҚР Департамент Агенттігінің маманы Ташенова Әсем Тезекбаевна, студенттерге Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бағытын айта кетті. Кездесудің соңына қарай ҚР Департамент Агенттігінің қызметкерлерінен студенттер өздеріне қажетті сұрақтарына толық жауап алды.

 

Без рубрики