Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Ж. К. Камалимен студенттердің кездесу


29 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қараганды техникалық университетінде Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Ж. К. Камалимен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты жолдауы бойынша студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында студенттерді Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, еліміздің жас ұрпағын қолдау, дарынды жастарға арналған білім беру гранттары, жылдық 2-3 пайыз жеңілдікпен берілетін несиелер, Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға тұрғын үй мен білім беруге 50% инвестициялық табыс бөлу, ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін арттыру және т. б. туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Без рубрики