«М.Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясының үздік оқырманы» халықаралық студенттердің онлайн-байқауы


Ғ. Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университетінде «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының үздік оқырманы» атты халықаралық студенттік онлайн байқау өтті. Байқауға Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден студенттер қатысты. (№31 (6007) 18.03.2021 ж.). «Almaty aqshamy» газетінде мақала жарық көрді).  Осы байқауға Қарағанды техникалық университетінің  студенттері Акимов Кирилл мен Тулеуова Камила және  2 курс магистранты Айдарбекова Кәкен қатысты. Қатысушыларға жетекшілік жасаған  «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы.    Байқау қорытындысы бойынша Айдарбекова Кәкен 1-дәрежелі дипломмен және 35 мың теңгелік сертификатымен марапатталды. Акимов Кирилл мен Тулеуова Камила қатысушы сертификатымен марапатталды. Студенттерді дайындап, жетекшілік еткені үшін Хамзина Қ.М. Ғ. Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университетінің Ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

 

 

Без рубрики