Қарағанды Мемлекеттік Техникалық  университетінің шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Амангельдина Гүлсара Амангельдиновна, ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, 18 ақпанында ашық куратор сабағын СТ-18-1 тобымен өткізді. Сабаққа шетел тілі кафедрасының менгерушісі Джантасова Д.Д., кафедраның  оқытушылары, патриоттық тәрбие бөлімінің орынбасары және студенттер көрермен ретінде қатысты.

СТ-18-1 тобының студенттері өз өнерлерін паш етті. Ашық сабақ барысы Елубаева Аймерекенің би шашуімен басталды. Ұлы Абай жайлы видео-ролик көрсетілді. Абай өлеңдеріне қатысты әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Студенттер Абайға жолдаған туындыларын оқыды. Қара сөздері студенттердің талдауына берілді  және « Абай –Тоғжан» көрінісінен үзінді қойылды. Қорытысында қонақтармен бірге Абайдың өлеңдері шырқалды. Келген көрермендер Абайды еске алып, шабыттанып кайтты.

Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген ашық сабақ жоғары деңгейде отті. 

Без рубрики