Жатақханаралық КТК ойындары


2018 жылдың 6 қарашасында «Жастар Әлемі» студенттер Сарайында ҚарМТУ жатақханаларында тұрып жатқан студенттер арасында дәстүрлі КТК ойындары өтті. КТК ойындарына келесі шарттар бойынша командалар таңдалды:

  • Командадағы адам саны 15-тен аспау керек;
  • Ойын алдында әр командамен редакторлық жұмыстар жүргізілді (сценаримен жұмыс, командалардың шығуы, ойындары және т.б.
  • Ойын 2 тілде жүргізілді: қазақ және орыс тілінде (команданың қалауы бойынша)

Ойын 3 кезеңнен тұрды:

—   «Сәлемдесу»;

—   «5 жаңалық»;

—   «Үй тапсырмасы».

Аталған ойынға 2 жатақхананың 3 командасы қатысты:

  • «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы – «Ерекше жандар»
  • «Армандастар Ордасы» жатақханасы – «Шатыр»
  • «Армандастар Ордасы» жатақханасы – «Көңілді жігіттер»

КТК ойындары өте жоғары деңгейде өтті. Командалар көрермендерге көңілді кеш сыйлай білді. КТК ойындарының нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды «Армандастар Ордасы» жатақханасының «Шатыр» командасы, 2-орынды «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының «Ерекше жандар» командасы және 1-орынды «Көңілді жігіттер» («Армандастар Ордасы» жатақханасы) иеленді.

Без рубрики