«Жас ғалым» инновациялық жобалар байқауы


Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясы  студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалысмдар арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Жас Ғалым 2016» инновациялық жобалар байқауын өткізіген болатын. Байқаудың негізгі мақсаты–Қазақстандағы жас ғалымдарды таныту, жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру,  дарынды жас ғалымдарды табу әрі қолдаумен қатар инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарды ынталандыру болып табылады.

Конурстық комиссияның шешіміне сәйкес ҚарМТУ-дың  PhD  докторанты  Мусин Равиль Альтавович байқаудың қорытындысы бойынша  ІV орынды иеленіп, грамота және бағалы сыйлықпен марапатталды.

ҚР ҚазҰАЖҒ Президентінің Алғыс хаттарымен ҚарМТУ-дың жас ізденуші ғалымдары Русанов Андрей Андреевич, Абишева Динара Каиржановна, Андреященко Виолетта Александровна марапатталды. Байқау қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі 2016 ж. 9 желтоқсаны күні Астана қаласындағы ҚР ҚазҰАЖҒ Президиумында өтті.

 

Без рубрики