Жарыс


2016 жылдың 9 қыркүйегінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын үнемді пайдалану мақсатында  «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен шахмат, шашки және дәстүрлі тоғызқұмалақ ойындарынан сайыс өтті. Аталған сайысқа шахмат 12, шашки 12 және тоғызқұмалақ ойындарына 8 адам қатысты. Арнайы сайланған әділқазылар алқасының көмегімен сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Шашки ойыны бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Буршан Нұрасыл (АиУ-16-1), ІІ дәрежелі дипломмен Айтжан Мұхамеджан (ОПИ-16-1) және І дәрежелі дипломмен Біләл Ынтымақ (С-16-1) марапатталды. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Пірмахан Ержігіт (МВ-16-2),  ІІ дәрежелі дипломмен Биғазиев Құрманғазы (ГПР-16-1), І дәрежелі дипломмен Момын Бақтияр (НД-16-1) марапатталды. Шахмат ойыны бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Кучкаров Асылхан (ТЭ-16-1), ІІ дәрежелі дипломмен Аналбек Нұрдаулет (БЖД-16-1), І дәрежелі дипломмен Турғунбоев Дархан (ГПР-16-1) марапатталды.

Без рубрики