«ЖАЙДАРМАН» сайысы


2016 жылдың 30 қазанында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жүрген студенттер арасында «Аламан» аймақтық фестивалінің аясында «ЖАЙДАРМАН» сайысы өтті. Әділ қазылар алқасы болып Қарағанды облысының 2014-2015 жылдар арасындағы Жастар Жайдарманының үздік ойыншылары болып сайланды.
Жалпы сайысқа 3 команда жайдармандары қатысты. Арасынан өткір әзілдерімен жеңіске жеткен «Шолпан апаның балалары» командасы айқын көзге түсіп, әділқазылар тарапынан команда қатысушыларына көптеген оңды ұсыныстар түсіп жатты.
«Серпіндіктер» арасында топтық рухты қалыптастырып, жастардың сахналық шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген бұл сайыс студенттерге өзінің оң әсерін тигізді деп айтуға болады. Жастардың осы сайыстан кейінгі ұйымшылдықтары біршама артып, алдағы іс-шараларға белсенді түрде күш біріктіретінін айтып өтті.

Без рубрики