Үздіктердің қатарындамыз


ҚарМТУ студенттері тағы да жеңімпаз атанды. Бұл жолы білім ордамыздың студенттері ҚР ЖОО-ның студенттері арасындағы ІХ Республикалық пән олимпиадасының «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің негіздері» мамандығы бойынша чемпион кубогына ие болды.  Олимпиада Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті.

Біздің университетімізден олимпиадаға т.ғ.к. аға оқытушы Даулет Тахановтың жетекшілігіндегі үш студент, яғни, Заңғар  Асылмұрат, Асқар Тайжанов және Арман Камалиден қатысты. Сайыс нәтижесінде  команда мүшесі Заңғар «Тіршілік әрекетінің негіздері» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленіп, оқытушысы Даулет Қуатұлына  команда жетекшісі ретінде чемпион кубогы табысталды.

Студенттеріміздің бұл жеңісі – университет үшін әрі мақтаныш, әрі үлкен мәртебе. Десек те, кубок қолда екен деп марқайып, қамсыз отыру біздің білім ордамызға тән емес. Келесі жылғы сайысқа бүгіннен бастап, дайындалу керек. Себебі сайыс ережесіне орай 2018 жылғы пән олимпиадасы чемпион кубогын алған оқу орнының шаңырағында өтпек, яғни, ҚарМТУ-дың «Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасы келер жылы  олимпиада қатысушыларын қарсы алмақ. Сондықтан кезекті сайыста да намысты қолдан бермей, жеңіске жетуге тырысайық!

 

Без рубрики