Қытайдан келген қонақтар «Құлыншақ» балалар үйіне барып қайтты


27 қыркүйек күні «Ақниет» ЖҚҰ-ның еріктілері мен Конфуций Институтының өкілдері «Құлыншақ» балалар үйінде кездесу ұйымдастырды. Қытайлық қонақтар қызықты да танымды бағдарламасымен олардың мәдениеті, музыкасы мен шығармашылығы туралы ұмытылмастай әсер қалдырды. Сонымен қатар сапардың соңында Шығыстан келген студенттер балаларға арнайы сыйлар сыйлады.

Без рубрики