Ғылым

Кафедраның ғылыми жұмыстары университет пен факультет жоспарларына сәйкес келеді. ҒЗЖ жылға жоспарлайды және ол кафедраның жалпы жылдық жоспарына кіреді. Әрбір орындаушының есеп беруі кафедраның отырысында қарастырылады және хаттамаға енгізіліп отырады. Кафедра отырысында және бірінші проректормен бекітілген жылдық қорытындыға сәйкес ҒЗЖ жылдық есеп беруі жасалады. Жүргізілетін ҒЗЖ  қолданбалы сипатқа ие және өндіріске өте қажет. ҚМБТ кафедрасы жыл сайын жоғары мектеп проблемасына қатысты ғылыми-зерттеу мембюджеттік жұмыстар жүргізеді. Бұл зерттеулердің практикалық маңызы өте жоғары және олар кафедраның оқу үрдісіне енгізілген.

2008-2011 жылдары ҒЗЖ нәтижелері бойынша құрылғыға 9 өтініш берілді және 5 алдын ала және инновационды патент алынды.

ҚР БҒМ ғылыми комитетінің  5,7 млн. тг гранты жеңіп алынды.

Жобаның атауы «Бейорганикалық наноқұрылымды материал алудың соққылы-импульсті диірмені».

Жоба жетекшісі т.ғ.д., проф.Байджанов Д.О.

ҚР БҒМ ғылыми комитетінің  1,7 млн. тг гранты жеңіп алынды (келісім № 10.2701 от 01.11.2010).

Жобаның атауы «Қалыптауға арналған ұнтақталған кремнефосфатты адсорбенттерді қалыптаулы экструдер үлгілерін дайындау».

Жоба жетекшісі т.ғ.д., проф.Байджанов Д.О.

Жоғарғы курстардың студенттері кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарынының қорытындысы аймақаралық студенттердің ғылыми-теориялық конференциясында жарияланады.

Жыл сайын өткізілетін «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» атты конференцияда мамандық студенттері 10-14 доклад қатысты, сонымен қатар оқытушылармен бірігіп докладтар топтамада жарыққа шықты.

Без рубрики