Welcome day


12-14 қыркүйек аралығында «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ ұйымдастыруымен «Жастар Әлемі» жастар сарайында бірінші курс студенттерінің жиналысы өтті. Жиналыс «Welcome day» атты жалпы атаумен өткізілді, онда бірінші курс студенттеріне университет қабырғасында «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ ұйымдастыруымен өткізілетін барлық іс-шаралар, сонымен қатар спорттық секциялар мен шығармашылық клубтар туралы ақпарат ұсынылды. Жоғарыда аталғандардан басқа, студенттер Қарағанды қаласының көптеген мекемелерінде, сондай-ақ ҚарМТУ-дың барлық асханаларында жеңілдіктер беретін «ZhasCard» дисконттық картасы туралы ақпарат алды.
Іс-шара барысында бірінші курс студенттері сайыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Жеңімпаздар біздің демеушілерден жеңілдік сертификаттарын ұтып алды, атап айтқанда «Атмосфера» квесті және «6/8 Bar»тайм-кафесі.
Жиналыстан кейін студенттер «ZhasCard» дисконттық картасына өтінім бере алды.

Без рубрики