Көрме «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»


Жаһандану дәуірінде жаңа буының қалыптасуында, барлық ағымдағы қауіп-қатерлерді дұрыс қабылдауы өте маңызды. Оның басты құралы – білім болып табылады. Қазақстандық жаңа буын өкілдерін рухани тұрғыдан тәрбиелеуде және бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі прагматизм 100 жаңа оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы дұрыс қадамды қалыптастыруда өзіндік септігін тигізеді.

 

 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты көрмеге Инновациялық технологиялар колледжінің студенттеріде қатысты. Студенттер көрмеден көптеген мәліметтер мен қазақ тіліне аударылған «100 жаңа оқулық, 100 жаңа есім» және тағы басқа кітаптар мен еңбектер, олардың авторлары туралы сілтемелерді қамтитын ақпараттармен танысты.

 

Кітапхана қызметкері студенттердің осы бағдарламаның негізгі бағыттары,  кітапханадағы қол жетімді кітап қоры туралы таныстырып, сондай-ақ, кітапхананың бай материалдар қоры мен тегін электронды оқулықтарды қолдана алатындары туралы түсіндіріп, айтып өтті. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты осы бағдарлама негізінде дүниежүзілік зияткерлік құндылықтарды білулеріне және жастардың — жаңа оқулықтармен оқу құралдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндіктері барын түсіндіру болатын.

 

 

 

 

 

Без рубрики