Құрметті оқытушылар мен қашықтықтан оқушылар!


Электронды кітапхана жұмысын кеңейту мақсатында студенттер мен университет қызметкерлеріне құжатты электронды түрде жеткізіп беру қызметі іске қосылды. Оны пайдалану мынадай түрде жүзеге асырылады. Университет кітапханасының сайтында орналасқан электронды каталогтан өзіңізге қажетті кітапты тауып аласыз. Кітап туралы толық мəліметтің (авторының аты-жөні, атауы, шыққан жылы) көшірмесін түсіріп алып мына адреске жібересіз: b.beysembaeva@mail.ru, b.beysembaeva@kstu.kz

Жауап ретінде кітапхана қызметкерлері Сізге кітаптың мазмұны берілген бетті сканерлеп жібереді. Соның ішінен өзіңізге керек бөлімді таңдап алуыңыз керек. Содан кейін Сізге сол бөлімнің беттері сканерленіп жіберіледі.

Без рубрики