ҚарМТУ студенттері IX Облыстық жастар Дельфиялық ойындарына белсене қатысты


ҚарМТУ студенттері Қарағандыда 2013ж., маусым айының 18-нен 23-не дейінгі аралығында өткен IX Облыстық жастар Дельфиялық ойындарына белсене қатысты. «Халық аспаптары» номинациясында ҚарМТУ студенті Нурболат Мухаметжанов бірінші орынға ие болды. Екінші орынға Жандос Каденов ие болды. «Халық әні» және «Эстрадалық ән айту» номинацияларында Сағындық Ахмедиянов, Золқарнайын Антаев және Дина Муканова 3 орынға ие болды. ҚарМТУ би ансамблі «Эксклюзив» «Халық би» байқауында ең үздік болып, ал «Қазіргі юи» номинациясында 1 орынға «REIZ» би тобы ие болды. Саксофонда ең үздік болып Юрий Натдочий танылды. «Фотография» номинациясында бірінші орын ҚР Тұңғыш Президент атындағы ЭБТ ҒЗИ қызметкеріне берілді. Барлық қатысушылар байқаудың облыстық айналымына өтті.

Қазақстанның Жастар Дельфиялық ойындары дарынды талантты жастарды қолдау және табу, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жетістіктері негізінде жас ұрпақтың патриотикалық сана-сезімін қалыптастыру, өз мемлекеті үшін абырой сезімін сақтау және жетілдіру, Дельфиялық ойындар идеяларын Өнердің Жоғары формасы ретінде бүкіл әлемде практикалық даму , Қазақстанның мәдениеттік мұрағатың сақтау және көбейту, жастарды төзімділік және басқа мәдениеттерге қызығушылық білдіру мақсатында өткізіледі.   

Без рубрики