Университет студенттерінің Аймақтық студенттік фестивалге қатысуы


Университет студенттері  2016 жылдың 15 мен 17 қараша аралығында«Болашак» Университетінде өткізілген Университет студенттерінің Аймақтық студенттік фестиваліне төмендегі номинациялар бойынша қатысты:

—«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл басымдылық пен жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел;

— Әлеуметтік бейнебаяндарға конкурс;

— «Мүшәйра»;

— «Тоғызқұмалақ»;

— «Жарыссөз турнирі».

2016 жылы  17 қарашада «ШАЛКЫМА» концерт залында Аймақтық студенттік фестивалдің жабылу рәсімі өткізілді.

Университет ректоры, ҚР ҰҒАакадемигі А.М. Газалиевке Аймақтық студенттік фестивалін ұйымдастырғаны мен өткізгені үшін. Құрмет мадақтамасы табыс етілді.

«Ең жақсы әлеуметтік бейнебаян» наминациясында 1 орынды иеленгені үшін Университет студенттеріне диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді.

«Тоғызқұмалақ» номинациясында 2 орынды иеленгені үшін Университет студенттеріне диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді.

11 (2)

 

Без рубрики