Тема кураторского часа: Казахстан: «испытание Независимости».


Факультет: ИТФ
Кафедра: АЕЖ
Мамандық: АЖ
Курс: ИС-20-1
Күні: 02.12.2020 ж. Уақыты: 17:00
Кураторы: Сүлеймен А.Е.
Өткізу формасы – «Microsoft Teams» платформасында

1. Кураторлық сағат тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан:Тәуелсіздік сынағы».

2. Кураторлық сағат мақсаты: Жастарға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

3. Кураторлық сағат міндеттері:
Білімділігі: Жастардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Жастар бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Студенттердің ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

4. Өткізу тәртібі: топтық жұмыс.

5. Жұмыс жоспары:
Кіріспе
 Куратордың кіріспе сөзі. Кураторлық сағаттың мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты ашу үшін студенттер 2 топқа бөлінеді.
ҚР әнұраны ойнатылады.
Негізгі бөлім
 1-ші топ «Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан» атты презентациясын ұсынады:
 Тарихи оқиғалар тізбесі;
 Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар;
 Көрініс.
 2-ші топ «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты презентациясын ұсынады:
 Тәуелсіз ел – Қазақстан;
 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер мен бағдарламалар.
«Мен қазақпын» видеоролигі қосылады.
«Көк тудың желбірегені» әні.
Қорытынды
 Куратордың қорытынды сөзі.

Сабақ барысында қолданылатын жабдықтау: компьютер, камера, мультимедиялық презентация, бейнебаяндар.

Кураторлық сағат барысы

1. Куратордың кіріспе сөзі. Кураторлық сағат тақырыбын (1 слайд): Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, құрметті оқытушылар мен студенттер! 16 — желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арнап «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан:Тәуелсіздік сынағы» атты кураторлық шеберлік сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі кураторлық сағатымыз топтық жұмыс түрінде өткізілетін болады.

2. Кураторлық сағат мақсаты:
Жастарға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
3. Кураторлық сағат міндеттері:
Білімділігі: Жастардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Жастар бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Студенттердің ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. (2 слайд).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деп Қазақстан халқына жолдауында айтқан. (3 слайд)
«Қазақстан:Тәуелсіздік сынағы» шеберлік сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 29 жыл! (4 слайд)
ҚР әнұраны ойнатылады. (5 слайд)
Топтық жұмыс
 Жалпы Бүгінгі кураторлық сағатымыз топтық жұмыс түрінде өткізілетін болады. Біздің бүгінгі топтық жұмысымыз 2 топқа бөлініп, 2 бөлімді қарастырады.
1-ші топ «Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан» атты презентациясын ұсынады.
 Тарихи оқиғалар тізбесі.
 Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар
 Көрініс.
Студент:Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан. Біз, Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікті ақылмен , ата-баба жолымен алдық» деген сөзімен бастағым келеді. 1991 жыл –бүкіл қазақ халқының жадында қалатын жыл, себебі осы жылы біз егемен елді тәуелсіз Қазақстан атандық. Бәрі осы күнді қуанышпен, жасауратып еске алды, бірақ та осы ұзақ жолды қалай өткеріп тәуелсіздікке қалай жеткенімізді бәрі біле бермейді. Қазақстанның тарихының түбі терең, түп тамырымен баяғы ғасырларға тіреледі.
Тарихи кезеңдерге тоқталатын болсақ:
1. Жоңғар шапқыншылығы (1723-1725 жыл)
2. Ашаршылық (1930-1932 жыл)
3. Репрессия (1937-1939 жыл)
4. Ұлы Отан Соғысы (1941-1945 жыл)
5. Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл)
Студент:1723-1725 жж. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлдеқайда көп болды. Осыдан кейін «Елімай» әні шықты.
Студент:1931-1933 жж. Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы ашаршылық зұлматы Кеңестiк билiк тұсында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны орын алды. Әрине, ең қасіретті нәубет өткен ғасырдың 30-шы жылдары болды. Тарихта «Ұлы жұт» деген атпен белгілі ашаршылық жылдары қазақ халқы жер бетінен жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды.
Студент:1937-1938 жылдары Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид» саясаты орын алды. Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, 8544 не «халық жауы» деген айып тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері, саяси қуғын сүргінге ұшырап, ату жазасына берілді.
Студент:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікір бар. соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Қазақ батырлары мәңгі есімізде қалады.
1- жүргізуші: 1986 жыл Желтоқсан оқиғасы. Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Атап айтсақ, Ұайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев.
2- жүргізуші: Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
1- жүргізуші: Рахмет. Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
2- жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
Студент: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
1- жүргізуші:
2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
Студент: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
2- жүргізуші: Алматы қаласы 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасынан үзінді көріңіздер!
1986 жыл Желтоқсан оқиғасынан үзінді (видео)
1- жүргізуші:
3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
Студент: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Студент: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
1- жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді көріңіздер.
(Барлығы камераларын өшіреді. Қайрат пен Сот камералары қосулы болады.)
КӨРІНІС
1- жүргізуші: Екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.Сот үкімді оқиды.
Сот:Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
1- жүргізуші: Осы кезде сот Қайраттан ақтық сөзің бар ма? деп сұрайды.
Қайрат:
”Ақтық сөзің не?” – деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
”Еркек тоқты — құрбандық”,
Атам десең атыңдар!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
1- жүргізуші: Екі жендет Қайратты залдан жетелей бергенде, анасы баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат “Анама” деген өлеңін оқиды.
Қайрат:
Мейірімді ақ жүзіне анамның,
Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
Кемістігі көп-ау мына балаңның.
Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
Өкінем де, басымды иіп өтінем.
Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,
Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.
1- жүргізуші: Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы!
• Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.
• Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.

2-ші топ «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты презентациясын ұсынады.
 Тәуелсіз ел — Қазақстан
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
1 жүргізуші: «Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымызғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
2 жүргізуші: Біз, тәуелсіз қазақ елінің жастары өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендерімізді естен шығармаймыз. Тәуелсіздігімізді міне биыл 29 жыл толды! Ал енді осы жылдардағы тарихи шежіремізге тоқталайық!
Студент:1991ж. 1-ші желтоқсан — Республика Президентінің алғашқы тікелей сайлауы өтті. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының ресми деректері бойынша сайлауға сайлаушылар белсенділігі 88,20% құрады. Жалғыз кандидат, коммунист Нұрсұлтан Назарбаев 98,80% дауыс алды.
Студент:1991ж. 16 желтоқсанда Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылданды.
1992ж. 30 қаңтарыңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше болды, ал 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға кірді.
1993 жыл 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. Қазақ КСР-і түпкілікті Қазақстан Республикасы деп аталды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
Студент: 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге қабылданды.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1-ші қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанхалқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.
Студент:1997 жылы 20 қазанда Президенттің жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласына өзгетілді.
1999 жылы ЖОО талапкерлеріне арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді.
Студент:1999 жылы Қазақстан астанасы әлемдік деңгейде танылды. Қала ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы»марапатына ие болды.
Президент резиденциясының құрылысы 2001 жылы басталды. Жобаны жүзеге асыруға танымал қазақстандық және шетелдік сәулетшілер қатысты. Ғимаратта көрнекті дизайнерлер жұмыс істеді. Нәтижесінде 2004 жылдың 24 желтоқсанында Ақорда ресми түрде Қазақстан халқына ұсынылды.
Студент: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
2013 жылдың 26-27 ақпанында Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы бойынша алғашқы келіссөздер өткізілді, оған бес тұрақты мүше — БҰҰ мемлекеттері сондай-ақ Иран, Германия және ЕО елдерінің өкілдері қатысты.
Студент:1-ші желтоқсан — Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. ҚР тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Студент: 2011 жылы 14 желтоқсанда еліміз «Қазақстан — 2030» Стратегиясында белгіленген барлық міндеттерді мерзімінен бұрын орындады. 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы ұсынылды.
2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Студент: 2017 жылы 12 сәуірде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ұсынылды.
2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, демалысқа кетті. Қазақстан Республикасының Президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.
2019 жылы 20 наурыз — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі.
23 наурыз — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
9 маусым — Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен президент сайлауы болды.
Біз, Тәуелсіз Қазақстанның жастары, біздің ұранымыз «Мен қазақпын» (барлығы қосылады).
Видеоролик қосылады.
1 жүргізуші:Енді назарларыңызға «Көк тудың желбірегені» әні.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Назарларыңызға рахмет!
Қорытынды
Куратор: Кураторлық шеберлік сағатымызды қорытындылай келгенде, ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
16- желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

 

Без рубрики