«TarMPI CUP — 2015» зияткерлік чемпионаты Тараз қ.


2015 жылдың 11- 12 қарашасында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мәңгілік ел: Тәуелсіздік елдің тұғыры биік жалындаған жастары!» тақырыбында барлық облыстардың жоғары оқу орындарының қатысуымен республикалық «TarMPI CUP — 2015» зияткерлік чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа «Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен ҚарМТУ студенттері қатысты. Топ құрамын РЭТ- 15-2 тобының студенттері Көпейсинов Ерлан, Қараханова Гүлшат және МВ -15-1 тобының студенті Базарбай Ақмарал құрады.

«TarMPI CUP — 2015» зияткерлік чемпионаты 3 кезеңнен тұрды:

І кезеңі (IQ тест)
ІІ кезеңі (FROG форматы бойынша сұрақ- жауап)
ІІІ кезеңі (АУКЦИОН жүйесі бойынша сұрақ — жауап)

Сайыс барысында біздің студенттеріміз білімі мен біліктілінің арқасында жақсы көрсеткіш көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды.

Без рубрики