Тәжірибелік білім беру бағдарламалары Прагада


Қазақстан Республикасының 2020 стратегиялық жоспарында  мемлекеттің экономикалық және саяси міндеттері болып табылатын  құрылыс саласын дамыту, құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру қамтылған.

Академиялық және Халықаралық  Ытымақтастықтың Еуразиялық Одағы Чех мемлекеттік емес бірлестігі (Eurasijský Svaz Vzdělávacích Aktivit a Mezinárodní Spolupráce «EURASS») Қоғамдық ғылымдар (Прага қ.) академиясымен бірге ЖОО-ның құрылыс факультеттерінің студенттеріне арналған, құрылыс саласының индустриалды- инновациялық дамуын зерттеуге бағытталған тәжірибелік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Болон процессіндегі Қазақстан мүшелігі қазақ ЖОО-ның  білім беру және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық ынтымақтастық  мүмкіндіктерін  кеңейтті, ал халықаралық нарыққа шығу әлемдік экономикаға еркін ене алатын мамандарды талап етті.Қазақ Жоғары оқу орындарының қызығушылықтарын ескере отырып, «EURASS»  және Қоғамдық ғылымдар академиясы Сіздерге  Чех Республикасының Прага қаласында өткізілетін құрылыс саласының студенттеріне арналған қысқа мерзімді машықтанудан өтуді ұсынады.

10 күндік   тәжірибелік білім беру бағдарламасына Праганың бейінді университеттерінің ПОҚ дәрістері, өнеркәсіптік және азаматтық мақсатындағы құрылыс объектілерін аралау, Прага бойынша экскурсия, сонымен қатар Дрезденге саяхат кіреді.

Бағдарлама аяқталған соң мемлекеттік нөмірі бар куәлік табысталады.

Бізбен және біздің іс-әрекетімізбен  www.eurass.eu сайтында таныса аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс бөліміне, 309а б., Бас оқу ғимаратына хабарласыңыз.

Без рубрики