Үстел теннисі бойынша жарыс


12 ақпан спорттық сауықтандыру комитеті және инженерлік экономика және менеджмент факультетінің кәсіп бюросы ұйымдастырған ҚарМТУ-дың белсенді студенттерінің үстел теннисі бойынша фсакультетаралық жарсысы өтті. Жарыс ұйымдастырушылары факультеттерді топтарға бөліп, ойын шарттарымен таныстырды. Залда әр факультеттің жанкүйерлері болды, оларға ұйымдастырушылар ойыншыларға кәмпитпен ұтыс тігуді ұсынды. Осылайша ойын тек ойыншыларға ғана емес сонымен қатар жанкүйерлерге де қызықты болды. Ерекше энергетика қалыптасытру мақсатында теннис залында жағымды музыка қойылды. Әрине, кез келген спорттық ойын жарысы сияқты турнир мемлекеттік әнұраннан басталды. Жанкүйерлер әр ойыншыға кәмпитпен ұтыс тікті. Бұл ойыншыларды одан әрі қызу ойнауға серпін берді. Ойыншылар сенімді ойнады, факультетаралық турнир бір мезетте үстел тениисі чемпиондарының кәсіби турниріне айналып кеткендей болды.

Бұл жарыста қыздар да ер балалардан қалыспай өз өздерін көрсете білді. Сонымен, ұлдар арасында жүзден жүрік шығып, 1- ші орынға ие болған тау-кен факультеті. 2 орынға сәулет- құрылыс факультетінің ойыншылары ие болды. Және де 3-ші орынды турнирді ұйымдастырушылардың өз факультеті инженерлік экономика және менеджмент факультеті иеленді. Қыздар арасында: 1 орын- инженерлік экономика және менеджмент факультеті, олар өте белсенді ойнады, себебі бәйгеге бір қорап кәмпит салынды. 2-ші орынды сәулет- құрылыс факультетінің қыздары және 3 орынды энергетика және телекоммуникация факультеті алды. Ойыннан соң жеңімпаздар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Үстел теннисі студенттердің жақын араласуына, спортқа әуестенулеріне себеп болды. Ұйымдастырушыларға студенттердің өздерін көрсетіп, күнделікті тірлікткн бір сәтке арылуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтамыз.
Автор: Курманбаева Асемнур ГИК-14-1

Без рубрики