Шығармашылық үйірмелердің есеп беру концерті


2015 жылдың 14 желтоқсанында сағат 15:00-де «Жастар Әлемі» студенттер сарайында Тәуелсіздік күніне орай ҚарМТУ шығармашылық үйірмелерінің есеп беру концерті өтті. Концерт барысында үйірмелерге қатысатын студенттер өз өнерлерін паш етті. Шығармашылық үйірмелерге «Серпін-2050» оқу бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттер де бос уақыттарын рухани үйлесімділігін, көркемдік мәдениетке және өнерге шығармашылық бейімділігін дамыту, сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрсетуге үйрену мақсатында барады. Аталмыш іс- шараның аяғында Тәрбие ісі жөніндегі проректор, Алпысбаева Назым Аманғазықызы «Мәңгілік ел жастары- индустрияға!» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқан және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай №1 жатақханада өткен «шахмат» сайысында орын алған студенттерді алғыс хатпен, дипломмен марапаттады.

Без рубрики