SaryarqaTrailRun 2018


30 қыркүйек күні сағат 11.00 мен 15.00 аралығында Курминка  ауылдық округінде  Sary Arqa Trail Run 2018 атты жүгіруден жарыс өтті. 

Трейлраннинг (trail running) — табиғи жер бедері, яғни тастақ, топырақты және шөпті жерде, төбе мен ойқышты, шұқырлы жерлермен жүгіріп өту. Бұл жарыс түрі 2015 жылдан бастап ресми түрде жеңіл атлетиканың бір пәні болып табылады. Жарысты ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Қарағанды облысының спорттық бағдарлау Федерациясы» ҚБ, спорт тауарларының дұрыс дүкені Limpopo-outdoor, сондай-ақ жаттықтырушы, жеңіл атлетика бойынша МСМК – Василий Александрович Кореньков.

Марафонның шарты – бір шеңбердегі биіктік шамамен 270 метр болатын 8 км қашықтықты бағындыру.

Өткізілген жері: Қарағанды қаласының оңтүстік аймақтары, M-36 (Караганда-Алматы) трассасында орналасқан Соран таулары, Курминка  ауылдық округі манайында.

ҚарМТУ-дан бұл жарысқа «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының оқытушысы Айжан Қайратқызы Амиргалина және С-15-3 тобының студенті Дидар Мухамадиев қатысты.

Суретте: ҚарМТУ оқытушысы  және студенті А. Амиргалина мен  Д. Мухамадиев

Фотосуреттер:  http://www.limpopo-outdoor.kz/saryarqarun/

 

Без рубрики