Сүйінші!


Жуырда ҚарМТУ-ға «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша РЭТ-16-1 тобына оқуға түскен Құрмандай Нұрғиса «Меңтайым» атты алғашқы кітабын шығарды. Жетістігіне, қуанышына ортақ болған достары төмендегідей жылы лебіздерін білдірді:

«Достар, Сіздермен бұл қуанышымды бөліспесем болмас!

Бүгін мен үшін ерекше күн болды! Арадағы достығымыз көп асуларды басып өтпеген болса да, бүгін Нұрғиса Құрманбайұлы өзінің алғашқы шығармашылық туындысын — «Меңтайым» деп аталатын кітабын маған сыйға тартты. Алғысымды білдіремін!!! Мен үшін бұл сыйың өте қымбат!!!
Сондай-ақ, бүкіл Серпіндіктердің атынан Нұрғиса Құрманбайұлын шын жүректен құттықтап, шығармашылық бақыт тілейміз! Шабытың өрге жүзе берсін!!!
Осындай жандармен танысып, өмірлік достық қатынаста болуға себеп болған, біздің басымызды қосқан «Серпін» бағдарламасының мен үшін қымбаттылығы арта түсті!!! Үлкен рахмет!!!!»,- дейді СТ-16-1 тобының студенті Манап Ерғали.

«Серпін-2050» оқу орталығы ұжымының атынан біз де, Нұрғисаға «жарайсың!» дегіміз келеді, алдағы уақытта да алар асуларың биік болсын!

1

Без рубрики