Құрметті редакторлар мен журналистер!


2014 ж. 27 қараша сағ 10:00-де Қарағанды мемлекеттік университетінің негізінде «Нұрлы жол — болашаққа жол» атты Елбасының Қазақстан халқына жодауын жүзеге асыруға арналған «Жаңа Қазақстан құрудағы ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың тағдыршешті шешімдері» атты II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шараға ҚР білім және ғылым министрлігі, қарағанды облысы әкімдігі өкілдері, Президенттің серіктері, беделді қоғам қайраткерлері және мемлекет ғалымдары қатысады.

Конференция шеңберінде төрт секция жұмыс істейді:
— «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты- Қазақстан Республикасы экономикасы өсуінің қозғаушы күші»;
— ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Улытау бөктеріндегі ойлары- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идкеясының негізі»;
— «Халықаралық қатынастардың көпқырлы жүйесін құру- заманауи әлемнің көпжүзділілігінің бейнесі»;
— Қазақстандықтардың руханилығы мен мәдениетінің көпжылдық идеологиялық басымдылығы: стратегиядан жүзеге асыруға».

Без рубрики