Республиканский конкурс научных работ на тему «Математика и ее приложения в науке и технике»


ҚР-ның ЖОО студенттері мен магистранттары арасында «Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданысы» тақырыбында ғылыми жұмыстардың (проектілердің) Республикалық конкурсын өткізеді

 

2019 жылдың 29 наурыз  Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында  ҚР-ның ЖОО студенттері мен магистранттары арасында «Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданысы» тақырыбында ғылыми жұмыстардың (проектілердің) II Республикалық конкурсын өткізеді.

 

Келесі жұмыс секциялары жоспарланған:

Секция 1. Математикалық және компьютерлік модельдеу

Секция 2. Қолданбалы  математика

 

Өткізілу орны: ҚарМТУ. Өткізілу уақыты: 29 наурыз 2019 ж.

Қатысу үшін өтінімді 2019 жылдың 25 наурызына дейін келесі мекен-жайға жіберу керек: Қарағанды қ., Бейбітшілік Гүлзары, 56.

Журов Виталий Владимирович, тел.: 87771865507

E—mail: zhurvitv@yandex.ru

Конкурсқа келесі материалдар көрсетілуі мүмкін.

1 Мультимедиялық материалдар, бағдарламалық, шығармашылық жобалар және ғылыми жұмыстар (көлемі 20 беттен артық емес).

2 Автор (авторлар) және ғылыми жетекші (лер) туралы ақпарат көрсетілетін өтініш еркін нысанда жасалады.

3 Жұмыстың жаңалығы, мәні туралы айтылған 2-4 беттегі жұмыстың қысқаша сипаттамасы.

4 Ғылыми жетекшінің автордың жұмысты өздігінен жасағаны туралы пікірі.

Конкурс материалдарын рәсімдеу шарттары

1 Конкурсқа материалдар электронды түрде және қағазға басылған түрінде қабылданады.

2 Сипаттама (п. 3) ЖОО атауы, факультеті, кафедрасы, топтың аты, жұмыстың атауы,  жұмыстың авторы мен ғылыми жетекшісінің қолы қойылған  беттен тұрады.

3  Сипаттаманы рәсімдеуде келесі шартты ұстану керек:

— текст сол жағынан – 2,5см, оң жағынан – 1,5 см, колонтитулдар – 2,0 см;

— шрифт өлшемі Times New Roman 14;

— жоларалық интервал – 1;

— абзацтық шегініс – 1,25 см.

Без рубрики