ҚР ҒжБМ мемлекеттік стипендиаларымен марапатталған ҚарМТУ ғалымдары


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ҚР ҒжБМ мемлекеттік стипендиаларымен марапатталған ҚарМТУ ғалымдарын жеңісімен құттықтайды.

ҚР ҒжБМ мемлекеттік ғылыми стипендиалар және атаулы сыйлықтарды тағайындау туралы байқауды 2016 жылдың 14 қыркүйегі күні  жариялаған болатын.  Аталмыш марапаттар жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар және педагогика саласындағы үздік зерттеулер жүргізген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ зерттеу жұмыстары ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалып, ғылым саласын дамытуға белсенді үлес қосып жүрген 35 жасына дейінгі жас ғалымдарға тағайындалады.

ҚР ҒжБМ ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендиаларды тағайындау туралы бұйрығына сәйкес ҚарМТУ ғалымдары мемлекеттік стипендиаларымен  марапатталды.

Жетекші ғалымдар үшін:

  • Портнов Василий Сергеевич – т.ғ.д., «Геология и геофизика» кафедрасының  профессоры;

Среди молодых ученых:

  • Имашев Аскар Жанболатович PhD докторы, «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасының аға оқытушысы;
  • Югай Вячеслав Викторович – PhD докторы, «Байланыс жүйесі және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі;
  • Щербакова Елена Петровна – PhD докторы, «Нанотехнология және металлургия»  кафедрасының аға оқытушысы;
  • Мусин Равиль Альтавович – магистр, «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасының оқытушысы;
Без рубрики