ПоискВак жаңа қызметі- Ресейлік Вак журналдары бойынша іздеуші.

ПоискВак РФ ВАК диссертация нәтижелерін басып шығаруға ұсыныс жасаған тізімге кіретін 1286 журналдың мұрағаты бойынша толық мәтінді іздеу жүргізеді.

Ғалым ғаламтордан мәлімет іздеген кезде кез келген іздеу жүйесі оған  көптеген «қоқыс» тауып беретіні құпия емес. Кейде, берілген кілт сөздер арқылы  ғылыми дәрежеге сай  мақала табу үшін таныстырушы немесе рефераттық түрдегі мақалаларды «күректеуге» тура келеді.

ПоискВАК (http://www.science-community.org/ru/poiskvak) ғалымның эвристикалық жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Ол тек диссертация нәтижелерін басып шығаруға ұсыныс жасалған және ғылыми қоғам қабылдаған журналдар бойынша іздеу жүргізуге арналған.

ПоискВак – бұл ғалымдарға келесі міндеттерді атқаруға мүмкіндік беретін тегін қызмет:

  1. Ғылыми мақалалардың толық мәтінді ізденісін жүргізу;
  2. Мақала, диссертация және монографияға әдебиеттер тізімін дайындау;
  3. Кілт сөздер бойынша өз жұмыстарын жариялауға болатын журналдарды іріктеу.

ПоискВак көп жағдайда толық мәтінді мақалаларды жүктеуге мүмкіндк береді.

Ғылыми мерзімді баспасөз әдістемелік жаңашылдықтарды көрсетеді. Сондықтан, ВАК журналдарында басылып шығатын толық мәтінді мақалаларды алуға рұқсат ғалымдарға ғылыми пікірталастарға пікірсарап және  сипаттаулар  түрінде жылдам жауап беруге, дәрістер курсын және ғылыми-әдістемелік құралдарды  құрастыру барысында ғылыми жаңашылдықтарды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отандық ғалымдардың жетістіктерімен танысу кез-келген тақырыптың ашылу деңгейін анықтап, заманауи ғылымдағы өзекті мәселелерді қарастыруға жағдай жасайды.

ПоискВак (http://www.science-community.org/ru/poiskvak) ғылыми зерттемеге әдебиеттік шолу жазуда таптырмас құрал.

Кез келген тақырыптағы Ресей ғалымдарының еңбектерімен танысу үшін ПоискВак-тың іздеу терезесінде өз тақырыбыңыз бойынша кілт сөздер немесе сол тақырыпта жұмыс жасайтын атақты ғалымның есімін теріңіз.

Іздеуді орыс тілімен қатар ағылшыен тілінде жүргізуге болатынына назар аударыңыз!

Егер Сіз зерттеулеріңіздің нәтижесін қайда жіберетініңізді білмейтін болсаңыз, онда Сізге ПоискВак қызметінің шеткі мәзірі қажет болады. Мұнда, Сіз кілт сөзді енгізгеннен кейін, Сіз сұраған тақырып бойынша басылымдары бар журналдардың тізімі шығады. Сілтеме бойынша журналға басып, Сіз автоматты түрде оның редакциясына шығасыз.

 

 

Без рубрики