Дөңгелек стол қорытындысы бойынша есеп «Жастар еліміздің болашағы»


 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы
Дөңгелек стол қорытындысы бойынша есеп
«Жастар еліміздің болашағы»

Өткізген күні: 18/02/2019 уақыты: 15:00-16:40
Өткізілген орын: корпус/ауд.:бас корпус, 430 аудиториясы
Қатысушылар: ФИТ-16-1, ФИТ-17-1 тобы студенттері
Студенттер саны: 30 адам
Сараптамалық анықтама:«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының іске асу аясында «Тәрбие және білім» атты ішкі бағдарламасы және оның негізгі бағыты «Саналы азамат» бағдарламаларының жүзеге асу бағытында «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының оқытушыларыI курс студенттеріне арналған «Жастар еліміздің болашағы» атты дөңгелек стол өткізді. Екі топтың студенттері материалға дайындалып, өз ойларын ортаға салды. Жастардың қоғамдағы орнына, олардың елімізді дамытудағы рөліне тоқталды. Биылғы елбасымыздың ұсынысымен жарияланған «Жастар жылының» мән-мағынасына, мақсатына тоқталды. Берілген іс-шараның тұжырымдамалық қағидасы студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған модернизация қағидасы есептелді.
Іс-шараның мақсаты келесі аспектілерді қамтыды: дөңгелек стол өткізу мақсаты студенттердің қоғамдық салаларға белсене араласуын жетілдіру, студенттердің сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пікірталастарды дамыту; риторика мен өз позициясын білдіру қабілеті, өз ойларын тұжырымдамаға негіздеу және пікірталас пен шағым беру; халқының тарихы мен дәстүрлерін біліп, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын әлеуметтік, сонымен қатар кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауға қабілетті да көп мәдениетті тұлғаны дамыту.
Атқарылған жұмыстың нәтижелері: Осындай шаралар студенттердің жоғарғы деңгейлі дайындықты, сондай-ақ,іс шараның ұйымдастырылуы және қатысушылардың тренинг барысында алған барлық дағдыларын көрсетуге деген ұмтылыстарын көрсетті. Олар өз ойларын дұрыс жеткізе білу, берілген тақырыптың мәнін ашу, қарсыластың ойымен санасу сияқты қасиеттерді басты назарға алды.
БАҚ шақыру, ҚМТУ ақпараттық қызметі, блогерлер және т.б.:қарастырылған емес.
Жауапты ұйымдастырушылар : Оспанова А.Е., Кулбаева Л.Н., Қадырова Л.Б.

 

Без рубрики