ОКСИДТЕР


Оларға кварц, тау хрусталі (кварцтің түссіз түрі), морион (қара кварц), раухтопаз (мұнарлы, түссіз), аметист (күлгін), халцедон (жасырын кристалдық түрі), агат (жолақ халцедон), шақпақтас (кірленген халцедон), опал (шақпақтастың су қышқылы), корунд, рубин (корундтың қызыл түрі), сапфир (корундтың көк түрі), гематит, магнетит, лимонит.

Бұл элементтердің оттекпен қосындысы. Бұл класттың минералдары жер қыртысында кеңінен таралған және оның массасының 17% құрайды. Ке»бір минералдар жыныс құрайтын, темір қышқылы- кен болып табылады.

КВАРЦ – Мұражайдың тастар жинағы осы тастан басталды. Ол бізге Қарқаралы ауданынан сол жерге өндірістік тәжірибеден өткен студенттерімен әкелінді.

Түсі әр түрлі, көбінесе түссіз, сұрғылттау, ақшыл. Ерекшелігі жоқ. Шеттеріндегі жалтырағы әйнекті, сынығы қою. Мөлдір немесе жартылай мөлдір. Сынығы түзу емес, қабыршақты, дәнекерлігі жоқ. Қаттылығы 7, салыстырмалы салмағы – орташа. Түйіршікті агрегат, бұрыс формадағы түйіршіктер және сирек кезде – кристалл мен друз түрінде кездеседі. Кристалдардың қырларында көбінесе көлденең сызықты түрлеу болады.

Кристалдардың ерекше формасы, жоғары қаттылық пен дәнекерліктің жоқтығымен ерекшеленеді.

Пайда болуы – мегматикалық,  гидротермальды. Дегидратация мен кремнез гельдерінің экзогенді үдерістердің кристалдануында пайда болады.

Без рубрики